Комитет международной информации icon

Комитет международной информации


2 чел. помогло.

Смотрите также:
Комитет международной информации...
«Комитет»
Конкурс научных работ, посвященных политике и экономике Азиатско-Тихоокеанского региона...
Программный комитет XXX v III международной (Звенигородской) конференции по физике плазмы и утс...
Администрация городской округ Железнодорожный Московской области комитет по образованию...
Программа третьей международной научной конференции Российской ассоциации исследователей женской...
Программа V международной научно-практической конференции Минск...
Программа ιv международной научно-практической конференции Минск...
-
Администрация Солнечногорского муниципального района Московской области комитет по народному...
Которая состоится 26  30 сентября 2011 г. (г. Ялта, Крым)...
Измерение информации...



страницы: 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
вернуться в начало
скачать
^

КАЗАХСТАН




«Торексентмиклош» облыстық газеті (Венгрия), Ласло Хейа, 14.04.2009, ҚАЗАҚСТАН ТУРАЛЫ


Өткен мақаламызда қыпшақтардың биыл, қыркүйекте үлкен іс-шара өткізуге дайындық үстінде екенін, сол кезде Қыпшақтардың әлемдік бірінші құрылтайын өткізетіні жөнінде хабарландырған едік. Осы мақалалар құрметті оқырмандарымыздың қызығушылығын тудырып, 16 сәуірде сағат 18.00-де қалалық Мәдениет сарайында өтетін Қазақстан жөніндегі көрме мен кино қойылымына көптеп келетініне сенімдіміз.

Қазақстан аумағының тарихы саналуан. Осы аймақта мәңгілік мұз дәуірлерінде зілдер мен алып жануарларға аңға шыққан көшпелі халықтар көшіп-қонып жүрді. Кейініректе, тас дәуірінің соңғы кезеңінде оңтүстіктегі өзенарасы жоғары өркениеттерінің де әсері осы аймаққа ықпалын жүргізе бастады. Қола дәуірінде төңірек тұрғындары, тарихи негізде дәлелденген, андрон мәдениетінің айтулы бөлігін құрайтын парсы тілдес тайпалардан тұрды. Кейбір зерттеушілердің мәліметінше, ежелгі мажарлар да осы мәдениеттің бір бөлшегі ретінде қазіргі Солтүстік-Қазақстан аймағында біршама уақыт тұрған.

Б.з.д. бірінші ғасырдағы тарихи жазбаларда да осы аймақ туралы мәліметтер кездеседі. Археологтар тарапынан ашқан қазба байлықтары талайларды таң қалдырған парсы тілдес сақ және саурамат тайпалары да қазіргі Қазақстан аумағында көшпелілікпен айналысты.

Ғұндардың батысқа жылжуы, парсы тілдес тайпалардың орнына түркі тектес тайпалардың келуіне әкеліп соқты. VI-шы ғасырда Түрк қағанаты пайда болып, бүгінгі Қазақстан аумағының біразы оның құрамына кірді. VIII-ші ғасырда араб басқыншылығының нәтижесінде ислам діні енді.

Басқа елдермен сауда жасасуда Орта Азия маңызды рөлге ие болды. Жібік Жолы арқылы материалдық құндылықтар ғана тасымалданбай, батыс және шығыс әлемі арасында мәдени алмасу да басталды.

Аумақты Шыңғыс хан 1221 жылы жаулап алып, кейін Қазақстанның біраз бөлігі Жошы ханның ұлысының құрамына енді. Осы ұлыстан соңыра, Алтын орда пайда болып, Орал таулары мен өзенінен шығысқа тарайтын аумақ Ақ орда деп аталды. Осы кезеңде бүгінгі қазақ халқының қалыптасуы басталды. Ақсақ Темірдің де империясы аймақты уақытша өз қол астына алды. Қазақ тайпалары орта ғасырдың ортасында үлкен үш ордаға бөлініп, Жоңғариядағы ойрат хандығының шапқыншылығынан кейін бірте-бірте Ресейдің қол астына кіре бастады. Қазақтар, XIX-шы ғасырда патшалық Ресейдің құрамына біржола енеді. 1920-шы жылдары кеңес үкіметі қазақ халқын автономиялық құқықпен қамтамасыз етеді, алайда бұл көзбояушылықтың бір түрі еді. Негізінде оның, мәдениет саласында оңды да тараптары болды. Қазақстан, 1936-шы жылы кеңестік мүше мемлекетке айналып, күшейіп келе жатқан қызыл террор өзінің әсерін білдіре бастады. II-ші Дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін өндіріс саласы дами бастайды. Алайда бұл үдеріс, экономикадағы басты сала ауылшаруашылықтың дамуына кедергі бола алмады. Негізгі өзгерістер 80-ші жылдардың реформалық ағымына дейін мардымсыз болды.

Кеңес одағының құлауымен, жеке тәуелсіздік орнатуға мүмкіндік туып, нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы егемендік алды. Бүгінге дейін ел басшысы Н.Назарбаев.

Жас мемлекет, қазба байлықтары мен көмірсутек көздері ұсынған мүмкіндік пен жағрапиялық-стратегиялық орталық рөлін ұтымды пайдалана отырып, тәуелсіздігінің алғашқы кезеңдерінен сүрінбей өтті. Елге, қомақты шетел капиталы тартылды. Ресей Федерациясымен арадағы байланыстарды жандандыра отырып, экономикалық және саясат саласында күннен - күнге күшейіп келе жатқан екінші көршісі, Қытаймен серіктестік қатынастарын нығайта түсті. Қазақстан бұдан басқа, Еуроодақ елдерімен де, экономикалық-сауда байланыстарынан басқа, энергетика, технология, кәсіпкерлік, тасымалдау және институттық-құқықтық салаларда тығыз ынтымақтастық орнатуға тырысып келеді. Сонымен қатар, осы жерде Қазақстанның 2010 ЕҚЫҰ-на төрағалығын айта өткен жөн.

Қазақстанның 10 жылға жуық, жаңа орталығы бар – Астана қаласы. Алайда, елдің ең үлкен шаһары бұрынғы астана – Алматы қаласы.

Кейінгі жылдары 10 пайыздық экономикалық өсімді көрсетіп келген Қазақстан, бүгінгі күнгі әлемдік қаржылық дағдарысты да, бұған дейін жинаған қорлары есебінен жеңеді деп күтілуде. Бұл да, тәуелсіздігіне әлі екі он жылдық толмаған елдің өзіне деген сенімін, сондай-ақ аймақтағы көшбасшылығы мен келешекте Орта Азиядағы рөлінің артатыны мен күшейетінін білдіреді.


^

«Торексентмиклош жаңалықтары» газеті (Венгрия), Ласло Хейа, 06.04.2009, ҚАЗАҚСТАНМЕН ТАНЫСУ


Венгрлік қыпшақтар биыл, қыркүйекте үлкен іс-шара өткізуге дайындық үстінде, сол кезде Қыпшақтардың әлемдік бірінші құрылтайы өтеді. Мұны Кишкун жергілікті өзін-өзі басқару орындарының одағы, Надькундық ата-баба жолын ұстаушылар ұйымы, Қыпшақтар одағы, Бач-Кишкун және Яс-Надькун-Солнок облыстық әкімшіліктері және олардың музейлері мен Надькун ауылдары бірлесе ұйымдастырып отыр.

Іс-шараны 2009 жылы өткізу қыпшақтардың осы аймаққа көшіп келулерінің 770 жылдығымен сәйкес келіп тұр. Осыған орай, сәуір айының ортасында Қазақстан Тороксентмиклош қаласында өзін таныстырады деп күтілуде. Сондықтан да оқырмандарымызды орта азиялық орасан елмен тереңірек таныстыруды жөн көрдік.

Әлемде аумағы жағынан тоғызыншы орын алатын ең үлкен мемлекет, тәуелсіздігіне әлі екі онжылдық та толмаған Қазақстан туралы Венгрия халқы көп біле бермейді. Аумағының көлемі 2,7 млн. шаршы км. астам Қазақстан, еуразия далалы аймағында 3000 км-ге созылып жатыр. Батысы мен солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен шекаралас. Ал, оңтүстікте қалған үш орта азиялық елмен көршіліс, олар: Түркіменстан, Өзбекістан және Қырғызстан. Жер бедері әр алуан. Батыс шекарасы Еділ өзенінің төменгі ағысымен шектеліп, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігі де Қазақстан аумағына кіреді. Теңіз жағалауы мен шөлді-батпақты Каспий бассейні көмірсутек көздеріне өте бай. Каспий теңізімен бірге, осы жерде Балқаш пен Арал көлі жөнінде де айтып өткен жөн. Соңғысы негізінде, өкінішке орай жойылу үстінде. Көл екіге бөлініп, қазір осы тұзды бассейндер ғана бар. Бұл да, бұрынғы Кеңестік үкіметтің қоршаған ортаны талқандау саясаты мен жыртқыштық шаруашылық жүргізудің тағы да бір айғағы. Бұдан басқа, елдің орталық бөлігінде торғай көлді атырабы жатыр. Қазақстан аумағының көп бөлігі, шөптесін, жартылай шөлді-далалы аймақтан тұрады. Оңтүстік бөлігі болса Қызылқұм, Мойынқұм және Балқаш көлінен оңтүстік бағытқа жайылатын Жетісу даласының шөлдерін қамтиды. Шығыс және Оңтүстік-шығыс шекара аймағандағы Алтай және Тьян-шань таулары мен олардың сілемдері, Қазақстанды жағрапиялық тұрғыдан қызықты ете түседі.

Қазақстанның аумағының үлкендігінен, бір шаршы кмге түсетін тұрғындар саны өте төмен. 16 млн. тұрғынының жартысы қазақтар, ал үштен бірінен көбі орыстар мен украиндықтар. Елде, барлығы 130 ұлт өкілі тұрады. Бұл әралуандылық, аласапыран замандағы халықтардың тарихи көшуінің нәтижесі, кейін мұны кеңес үкіметінің жераудару саясаты жандандыра түсті. Сталиндік дәуірде, диктатура Орта азияға кейбір халықтарды тобырымен жер аудартып отырды. Осы ретте, өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басына дейін, Қазақстанда тұратын ұлттардың ең негізгі біреуі немістер болды. Бұдан басқа, ресейлік Қиыр шығыстан қоныстанған корейлер де тұрады.

Шетелдерде 3 миллионға жуық қазақтар тұрады. Олардың басым бөлігі (1-1 млн. шамасында) шекаралас Қытай мен Өзбекстанда орналасқан. Бұл халық XX-шы ғасырдың басына дейін, қырғыз, қырғыз-қазақ болып аталып келді.

Қазақ тілі, түркі тілінің қыпшақ тобына жатады, ноғай және қарақалпақ тілдері ең жақын туыс тілдер болып саналады.. Венгрияға, моңғол шапқыншылығынан кейін қоныстанған, қыпшақтардың да тілдері кезінде қазақ тілімен тығыз туыстыққа ие болған.






оставить комментарий
страница2/30
Дата24.09.2011
Размер1,76 Mb.
ТипДокументы, Образовательные материалы
Добавить документ в свой блог или на сайт

страницы: 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
не очень плохо
  1
средне
  1
отлично
  1
Ваша оценка:
Разместите кнопку на своём сайте или блоге:
rudocs.exdat.com

Загрузка...
База данных защищена авторским правом ©exdat 2000-2017
При копировании материала укажите ссылку
обратиться к администрации
Анализ
Справочники
Сценарии
Рефераты
Курсовые работы
Авторефераты
Программы
Методички
Документы
Понятия

опубликовать
Документы

наверх